×

Алматы жол сапасын қалайша 95%-ға жеткізбекші

Энергия үнемдейтін қоспалары бар жаңа технология асфальтты –5°C дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік береді

Алматы жол сапасын қалайша 95%-ға жеткізбекші
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Алматыда жол жөндеу жұмыстары ерте басталады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматыда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын басталмақшы. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында магистральді көшелердегі шұңқырларды жою жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды.

Асфальт-бетон зауыты да мерзімінен бұрын іске қосылды. Ол «жылы асфальт» деп аталатын жаңа технологиялық асфальт қоспасын өндіреді. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, Э. «ҚазжолҒЗИ» әзірлеген бұл әдіс республикалық тас жолда сыналып көрген.

Ал мегаполистегі жолдардың сапасы бақылап, сараптамасын жасайтын мекеме –  Жол активтері сапасының ұлттық орталығы. Көлік министрлігіне қарасты компанияның Алматы филиалы былтыр ауқымды жұмыстар атқарды. Себебі 2024 жылы Алматы қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Осы жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы және 8 аудан әкімшіліктерімен жасалған келісімшарт аясында ЖАСҰО 643 инспекциялық тексеріс жүргізді. Мекеме директоры Мәулен Тоқтарбайұлы биыл да жұмыс ауқымы үлкен дейді.

“Былтырғы тексерістер барысында 208 бұзушылық тіркелді. Олардың нәтижесінде, мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 183 миллион теңге сомасына жұмыстарды қайта құрылымдауға мәжбүр болды. Бұл тапсырыс беруші тарапынан төмен сапалы жұмыстарды қабылдап, төлем жасап, жауапкершілікті өз мойнына алу тәуекелін айтарлықтай төмендетті. Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық құрылыс бақылау басқармасына 15 өтініш берілді. 1 мердігер ұйым мен 1 инженерлік қызметке 2,5 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 2 жағдайда техникалық бақылаушы сарапшылардың жұмысын тоқтату шаралары қабылданды”, – деді мекеме директоры Мәулен Тоқтарбайұлы.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша негізгі жол жөндеу жұмыстары көктем және жаз мезгілдерінде жүргізіледі. Биыл қалалық мобильдік басқармасы желісі бойынша 300 км жолға орташа жөндеу және 35 км жаңа магистраль салу жоспарланған. Мақсат – 2024 жылы жол сапасын 92%-ға дейін жеткізсе, 2025 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды
Кеше, 17:27

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 
Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.
Бұл туралы Отбасы банктің ресми сайтында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →