×

Алматыда белгілі жазушы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды

Қоштасуға келген халықтың қарасы қалың болды

Алматыда белгілі жазушы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды
Фото: Qaz365.kz/Бауыржан Карипов

Бүгін алматылықтар қазақтың белгілі жазушысы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековпен қоштасты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қоштасу рәсімі Жазушылар Одағында өтті. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізген қаралы жиында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.

«Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді. Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген көңіл айту хатында.

Сондай-ақ Премьер-Министр Олжас Бектеновтің, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың, облыс әкімдерінің көңіл айту хаттары табыс етілді.

Фото: Нұрболат Адырбек

Марқұмның құрдастары, қазақтың қабырғалы қаламгерлері Төлен Әбдік, Бексұлтан Нұржекеев, Алаштың абызы Асанәлі Әшімовтер естеліктерін айтты.

Қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековпен қоштасуға келген халықтың қарасы қалың болды.

Еске сала кетейік, Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді
Бүгін, 16:11

LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді

Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды
Жергілікті білім беру ұйымдары ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпей, құқықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →