×

Павлодарда табиғат пен орманды қорғаушы ағаштарды отап жүр

Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құраған

Павлодарда табиғат пен орманды қорғаушы ағаштарды отап жүр
Сурет: Бейнеден кадр

Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Аққулы ауданы Ертіс өзенінің жайылмасында прокуратураның үйлестіруімен заңсыз ағаш кесумен айналысқан тұлғалар тобы ұсталды. Ұсталғандардың бірі Павлодар облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері болып шықты.Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі және 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында полиция қызметкерлері ұрланған ағаштар мен қылмыс құралдарын тәркіледі”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құраған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Киік етінен келер қауіп бар ма? – Ауылшаруашылық министрлігі түсінік берді
Бүгін, 19:49

Киік етінен келер қауіп бар ма? – Ауылшаруашылық министрлігі түсінік берді

Киік санын реттеу жұмыстарына 6 облыстағы 24 мал сою пункті жұмылдырылған
Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →