×

Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын зәулім сарайын ешкім сатып алмады

Бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге деп белгіленген.

Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын зәулім сарайын ешкім сатып алмады
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Астанада қайтарылған активтерді басқаратын компания Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйін сатылымға шығарған болатын.  Аукцион 25 ақпан күні сағат 10.00-ге жоспарланғанымен, алатын адам табылмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге деп белгіленген. Сатып алуға ниетті адамдар 117,9 млн теңге кепілдік жарнасын төлеуі шарт болған.

Лот сипаттамасында тұрғын үй Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданының Ерейментау көшесі, 1-ғимаратта орналасқаны көрсетілген.

Жалпы ауданы 2877,7 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрге тең. Жалпы аумағы 0,9475 гектар және 0,2713 гектар болатын жері бар. Тұрғын үймен қоса, жиһаз, электронды техника, өнер туындылары мен кәдесыйлар да сатылымға қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алмақ болды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бір реттік әсер, өмірлік тәуелділік: нарколог синтетикалық есірткінің қауіптілігі туралы айтты
Бүгін, 13:36

Бір реттік әсер, өмірлік тәуелділік: нарколог синтетикалық есірткінің қауіптілігі туралы айтты

Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады
2025 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 миллион 510 мың зейнеткер бар.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →