×

Қазақстанда 6 жасқа толған балалардың балабақшада қалуына мүмкіндік берілмек

Заңнамаға түзету енгізілмек

Қазақстанда 6 жасқа толған балалардың балабақшада қалуына мүмкіндік берілмек
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік берілмек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге мәдениет және білім беру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады. 

Түзету мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік береді. 

Бұған дейін ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылып, оқу жылы басталғанша мектепке де бара алмайтыны туралы шағымданған еді. 

"Қазіргі таңда ата-аналар жиі кездесетін мәселенің бірі – балаларының 6 жасқа толғаннан кейін, бірақ оқу жылы басталғанға дейін балабақшадан шығарылуы. 

Бұл өз кезегінде ата-аналар үшін үлкен қиындықтар тудырады, өйткені олар бала күтімін ұйымдастыру мәселесімен бетпе-бет келеді. Мысалы, егер бала жылдың басында, ақпан айының 5 күні 6 жасқа толса, оны кейбір балабақшалар дереу шығарып жібереді, бірақ ол бала мектепке әлі бара алмайды.

Осы норманы енгізу арқылы балалардың балабақшада жазға дейін қалуына мүмкіндік беріледі", - деді мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді
Бүгін, 16:11

LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді

Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды
Жергілікті білім беру ұйымдары ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпей, құқықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →