×

Мешітке адам басына 20 мың теңге төлейсің – Дәулет Мұқаев

Ысырапшылдықтың алдын алу неге мешіттерден басталмайды?!

Мешітке адам басына 20 мың теңге төлейсің – Дәулет Мұқаев
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қайтыс болған адамға арнап мешітте берілетін ас кезіндегі ысырапшылдыққа қынжылыс білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Астанадағы бас мешіт пен Хазірет Сұлтан мешіттерінің ас беру мәзірі той дастарқанынан кем емес. Бағасы – адам басына 20 мың теңгеге дейін көрінеді.

Адам өліміндегі ас емес, той жасайтын дастарқан! Минималды баға 7000 теңге. Бірақ ол кезде етті өзіңіз әкелесіз. Бұл бизнес болмағанда не сонда? Мысалы Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында дастарқанда тек 7-ақ ас түрі болады. Одан басқа мәзір жоқ! Ұсынбайды! Неге бас қалада, басқа аймақтарда осылай болмайды? Ерте ме, кеш пе кез келген адам басына өлім келеді. Одан ешкім құтыла алмайды. Жер алу, жаназа, ас беру, зират көтеру… осының бәрі бір күні алдыңыздан шығатын діни жоралғылар. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы тарапынан бұл мәселе дұрыс жолға қойылмаса, қайғыдан қан жұтып отырған жандарға, ақшасы жоқтарға одан сайын соққы болып отыр. Ысырапшылдықтың алдын алу неге мешіттерден басталмайды?! - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде
Бүгін, 18:10

Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Бағалар Астана базарларындағы құннан 15-20 пайызға төмен
Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 
Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →