×

Жамбыл облысында биыл 20 елді мекенге ауыз су тартылады

Бүгінде өңірде тіршілік нәрімен қамтамасыз етілмеген 24 ауылдық елді мекен бар

Жамбыл облысында биыл 20 елді мекенге ауыз су тартылады
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов баяндама жасады. Жамбыл облысында 4 қала мен 367 ауылдық елді мекен бар.

Жыл басында ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен қалаларда 98 пайызды (523,7 мың адам), ауылдық елді мекендерде 97,8 пайызды (676,9 мың адам) құрады.

Бүгінде тіршілік нәрімен қамтамасыз етілмеген 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу қалаларындағы 9 тұрғын алқап қалып отыр. Биыл 20 елді мекенге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, сондай-ақ халық саны аз болуына байланысты Мойынқұм, Меркі, Қордай аудандарына қарасты 4 ауылға жергілікті бюджет есебінен кешенді блок модуль орнату жоспарланған.9 тұрғын алқапты орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін барлық елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылуы тиіс. Осыған орай бқл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет”, – деген Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне ауыз су жобаларының мерзімінде әрі сапалы аяқталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жобалардың құжаттары мен қаржыландыру мәселесі де дер кезінде шешілуі қажет екенін ескертті. 

Бұдан бөлек, басқосуда орындаушылық тәртіп, облыс әкімінің Талас ауданы халқымен кездесуде және жеке қабылдауда жауаптыларға берген тапсырмаларының орындалу барысы сараланды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды
Кеше, 13:30

Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды

Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағын беруі бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды
Психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіруге айрықша көңіл бөлінді
Ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды  
Сарапшы көбінесе тұрғындардың алаңдаушылығын тудыратын секторлық антенналардың жұмыс істеу принципіне жеке тоқталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →