×

Депутат Үкіметке Қазақстандағы зейнеткерлердің несиесін түгел кешіруді ұсынды

Ол бұл ретте бар-жоғы 30 мың теңге шамасындағы зейнетақысы картасына түспей жатып банктердің қолында кететін зейнеткерлердің мәселесін көтерді.

Депутат Үкіметке Қазақстандағы зейнеткерлердің несиесін түгел кешіруді ұсынды
Фото:depositphotos.com

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қайрат Балабаев қарызға батқан зейнеткерлердің кешіруді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл ұсынысты премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Мәжіліс жан-жақты қарап, президент қол қойған банкроттық туралы заң жобасының тетіктері дамымаған.Аталған заң борышкерлердің ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, өтініш беруге оңтайлы жағдай жасауы тиіс еді. Сондай-ақ, оның шарттарында 6 млн 291 мың теңгеден  аспайтын қарыздарды  банкроттыққа тапсыруға болатыны көрсетілген.  Алайда, шын мәнісінде, бұл заң да, банкроттыққа тапсыру тетігі де дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Қолда бар жалғыз ресурс «Е-өтініш» қосымшасы арқылы жолданған өтініштер  қанағаттандырылмай отыр. Соның салдарынан өмір бойы бейнеттеніп зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер зейнетақысынан қағылып жатыр, - дейді  Қайрат Балабиев.

Ол бұл ретте бар-жоғы 30 мың теңге шамасындағы зейнетақысы картасына түспей жатып банктердің қолында кететін зейнеткерлердің мәселесін көтерді.

Банктерге барсаңыз, бар-жоғы 32 мың теңге зейнетақысы банк картасына түспей жатып жоқ болып кеткен, зар илеген зейнеткерлерді көресіздер. Жағдайды зерттесек, зейнетақы «кіріс көзі» болып саналады және зейнетақы әлеуметтік қорғалған есепшот санатына жатпайды. Әлеуметтік қорғалған есепшоттарды  ашу тек «Каспий банкі», «Халық банкі» және «Центр кредит» банктеріне бекітілген. Бұл банктердің филиалдары тұрмақ, банкоматтары жоқ жер көп. Барлық жерде банкоматтары болмаса да, бөлімшелері бар «Қазпошта»  әлеуметтік қорғалған есепшоттарды ашуға болатын тізімге  енбеген. Бұл қасақана жасалған әрекет емес пе?, - дейді депутат.

Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдары айлықтан-айлыққа деп аз ақша беріп алдап, айналдырған 30 мың теңгені төлей алмаса да, оған он еселеп өсім қосып, қарызға батырып жатыр. Ешбір табыс көзі жоқ азаматтарға уақытша көмек болғанымен, оңайлықпен құтылмайтын қарызға айналып кететінін көпшілік біле бермейді.

Бірақ  бұл біздің бұқараның тоқтығын көрсетпейді. Біздің партияның «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында азаматтардың қаржылық сауаттылығы арттырылып жатыр. Ойланбастан несие алатындардың қатары сиреп келеді. Президент тапсырмасымен заң қабылданғанның өзінде, банкроттыққа тапсырудың неге қиындап кеткенін кім түсіндіреді. «Зейнетақы қорынан қомақты қаржыны алып, ел игілігі үшін пайдаланып жатқандықтан, зейнетақыны «кіріс көзі» деп санау -  ұят емес пе?» деген сұрақтың жауабын таппаған. «Зейнетақы жинағына қол салғанымыз аздай, зейнеткерлерге зейнетақысын жегізбеуіміз елдігімізге сын болар, - дейді  Қайрат Балабиев. 

Депутаттың ұсыныстары мынандай:

  1. Әділет органдарына берешегі бар зейнеткерлердің зейнетақы есепшоттарын бұғаттаудан босатуды;
  2. Республикалық базадан банктерде берешегі бар зейнеткерлерді бақылап анықтауды;
  3. Құзырлы органдарға зейнеткерлердің соттан тыс және сот арқылы «банкрот» деп тану процесін жеңілдетуді;
  4. Зейнеткерлердің қарызын кешіруді;
  5. Барлық екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» мекемесінен де зейнеткерлер үшін әлеуметтік қорғалған есепшоттарды жаппай ашуды ұсынды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады
Бүгін, 16:38

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

2025 жыл гендерлік саясат саласындағы екі маңызды оқиғамен ерекшеленеді
Нұрлан Имамның сөзінше, әркім өзінің шамасына қарауы керек
Шақыру науқаны ағымдағы жылдың 30 маусымында аяқталады
Қылмыстық істің сотқа нақты қай күні жіберілетіні әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →