×

Таразда 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысында биыл 765 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Таразда 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

5 наурыз күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев баспана кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықтың көптен күткен қуанышты сәтіне ортақтасты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

- Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – әлеуметтік осал топтағы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету. Халықты тұрғын үймен қамту саясаты ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында, – деген Ербол Қарашөкеев қоныс той иелірінің шаңырағына шаттық, бақ-береке тілей отырып, пәтер кілттері мен тұрмыстық техниканың сертификатын табыстады.

Баспанаға 2012-2015 жылдары аралығында кезекке тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, ІІ топ мүгедектері, жетім балалар мен ҰОС теңестірілген азаматтар қол жеткізді. Олардың қатарында көпбалалы ана Мөлдір Шадманова да бар.

- «Өз үйім – өлең төсегім» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Ұзақ жылдар бойы күткен пәтерімізге қол жеткізіп отырмыз. Осы орайда Мемлекет басшысына, игі іске атсалысқан азаматтарға отбасымның атынан алғыс білдіремін! Барша баспанаға мұқтаж отбасылар осындай бақыт бұйырсын! – дейді ол.

«Ұлы дала» шағынауданында орналасқан №26 үйдің жалпы ауданы 9 600 шаршы метрді құрайды. 160 пәтерлі (2 бөлмелі)  көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Aulet Stroy Taraz» ЖШС-сы жүргізген.

Ербол Қарашөкеев халықпен бірге үйлерді аралап, сапасын тексерді. Бұдан соң үйдің маңына 20 түп ағаш отырғызылды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 765 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

Ағымдағы жылы 2 390 пәтерлі 50 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі (2024 ж. - 1 159 пәтерлі 26 көпқабатты тұрғын тұрғын үй).

Сонымен бірге тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 4,9 млрд. теңгеге 361 пәтер сатып алынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құрмет және алғыс: Өскеменде Жеңіс Парадына қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алды
Кеше, 18:18

Құрмет және алғыс: Өскеменде Жеңіс Парадына қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алды

Шығыс Қазақстан ардагерлері Астанадағы Жеңіс парадынан қайтып, құрметпен қарсы алынды
Былтыр Қарабалық ауданында 5000 ағаш көшеті отырғызылды. 
Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды
Олар маусым мен қыркүйек айлары аралығында қатынайды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →