×

Жемқорлардан қайтарылған активтердің бір бөлігі Аралдағы ауылдарды сумен жабдықтауға бөлінді

Оған Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлінген

Жемқорлардан қайтарылған активтердің бір бөлігі Аралдағы ауылдарды сумен жабдықтауға бөлінді
Сурет: kzvesti.kz

Қайтарылған активтердің 4,2 млрд-ы Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен жабдықтауға бөлінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. 3 мыңнан астам халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізілуде. Жобаның іске асырылуы 2021 жылы басталған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр», - делінген Үкімет ақпаратында. Сондай-ақ 400 тұрғыны бар Ақбасты ауылында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман–Ақбасты магистралі тармағының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның құны – 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесі игерілген. Қалған 524 млн теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді”, – делінген Үкімет ақпаратында.

Нысанды биыл іске қосу жоспарлануда. Іс-шаралар Мемлекет басшысының қалалар мен ауылдарды ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада LRT көпшіліктің қолданысына 2026 жылы беріледі
Бүгін, 13:16

Астанада LRT көпшіліктің қолданысына 2026 жылы беріледі

Астанада LRT-ны тестілік іске қосуға бір айдан аз уақыт қалды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Баға айырмашылығы сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран сияқты басқа да өнімдер бойынша тіркелген
Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →