×

Шерзат Болаттың өлімі: Бас прокуратура соңғы жаңалықты айтты

Қылмыстық істің сотқа нақты қай күні жіберілетіні әзірге белгісіз.

Шерзат Болаттың өлімі: Бас прокуратура соңғы жаңалықты айтты
Ашық дереккөз

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенаттың брифингінде Талғарда мерт болған  Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеуі толық аяқталғанын айтты,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін айтқанымыздай, қылмыстық істі тергеу толық аяқталды. Іс зерттеп, айыптау актісін жасау үшін прокуратураға жіберілді. Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығын толықтай тексеруде. Осыдан кейін істі сотқа жіберу туралы шешім қабылданады, -дейді Әсет Шындалиев.

Қылмыстық істің сотқа нақты қай күні жіберілетіні әзірге белгісіз. Дегенмен заңға сәйкес, прокурор бұл шешімді 10 күн ішінде қабылдауы тиіс. Егер іс күрделі деп танылса, бұл мерзім бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Егер ол қиын қылмыстық іс болса, прокурор шешімді бір ай ішінде шығара алады. Қазір бұл іспен Алматы облысының прокуратурасы айналысып жатыр, - дейді бас прокурордың орынбасары. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →