×

Көктемгі әскери шақырылымға қанша азамат шақырылатыны хабарланды

Шақыру науқаны ағымдағы жылдың 30 маусымында аяқталады

Көктемгі әскери шақырылымға қанша азамат шақырылатыны хабарланды
Сурет: ОКҚ

 

Биыл Қазақстанда көктемгі әскери шақырылымға 20 мыңнан астам адамды шақыру жоспарланған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.

“Қазақстанда мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру басталды. Шақыру науқаны ағымдағы жылдың 30 маусымында аяқталады. Осы уақыт ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам адам толықтырады. ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды әскери жағынан дамыған басқа елдердегідей мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен жасақтау әскери қауіпсіздікті, тұрақтылық пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтар әскери-оқытылған резервтің негізі болып табылады, ол қажет болған жағдайда елімізді қорғау үшін жұмылдырылуы мүмкін», –  деп атап өтті генерал-майор Сәкен Жүсіпов.

Қарулы Күштерге 10 мыңнан астам, Ұлттық ұланға –  7 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметіне –  2 мыңнан астам, ТЖМ -ге – 300-ден астам адам, Мемлекеттік күзет қызметіне –  300-ге жуық адамды шақыру көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады
Бүгін, 16:38

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

2025 жыл гендерлік саясат саласындағы екі маңызды оқиғамен ерекшеленеді
Нұрлан Имамның сөзінше, әркім өзінің шамасына қарауы керек
Қылмыстық істің сотқа нақты қай күні жіберілетіні әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →