×

Президент қыз-келіншектерге жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды

Биылғы мерекеде әйелдерге жаңадан арнайы құрметті атақтар алғаш рет табысталды

Президент қыз-келіншектерге жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды
Сурет: Aкorda.kz

Президент аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншектерге жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бүгін мен баршаңызды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрамды шын мәнінде сұлулықтың көрінісі деуге болады. Себебі әйел жаны қашанда әдемілікке жақын.Аруларымыз әлемге сүйіспеншілікпен қарап, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүреді. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бекер айтылмаған.Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де – ең алдымен, аналардың арқасы.Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – сіздер! Сондықтан бүгінгі мейрамда барша ер-азаматтар өздеріңізге ақ тілегін арнап, ықылас-ілтипатын білдіріп жатыр. Солардың ішінде мен де Мемлекет басшысы ретінде әйелдерге тілегімді, лебізімді айтып тұрмын», – деді құттықтау сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Биылғы мерекеде «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтары алғаш рет табысталды.

«Әлемдік додаларда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аруларымыз да бар.Біз қажырлы еңбегімен, ерен ерлігімен танылған қыз-келіншектерді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік жылдары өз саласының үздігі атанған 8 әйелге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.Биыл елімізде – «Жұмысшы мамандықтары жылы». Қазір осы саладағы білікті мамандардың мәртебесін көтеру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ енгізілді. Бүгін осындай екі марапат алғаш рет тапсырылады. «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» атағы еңбек ардагері Ольга Шелудькоға беріледі. Ал өндіріс озаты Майра Ерманова «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» атанып отыр. Осындай нағыз еңбек адамдарына бүкіл ел болып құрмет көрсетіп, оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Жұмысшы мамандықтары жылының түпкі мәні де – осы»,  – делінген Ақорда хабарламасында.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әуежайда кепілге алған қызды құтқарған Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы берді
Кеше, 12:52

Әуежайда кепілге алған қызды құтқарған Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы берді

Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды.
Елімізде соңғы 10 жылда әйелдер саны 15,2 пайызға өсті
7 жасқа таяп қалған баланың физикалық жағдайы 4 жастағы баланікіндей дамымай қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →