×

Қазақстанда қанша әйел тұратыны белгілі болды

Елімізде соңғы 10 жылда әйелдер саны 15,2 пайызға өсті

Қазақстанда қанша әйел тұратыны белгілі болды
Фото: caspiantoday.kz

Оның 64,4 пайызы қалаларда тұрса, 35,6 пайызы ауылдық жерлерде екен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың мәліметінше, Қазақстандағы әйел саны 10 381 377-ге жеткен. Бұл дегеніміз - еліміздегі жалпы халық санының 51,1 пайызы.

Әйелдер санының көптігі бойынша бірінші орында – Алматы, онда 1,2 млн әйел есептелген. Екінші орын Түркістан облысына түесілі, ол жақта әйел саны 1 млн екен. Үшінші орында – Астана қаласы, бұ жақта 803 мың әйел. Қызығы, Астанада соңғы он жылда әйел санының қатты өсімі байқалған.  Ал Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.

Жас жамасына қарай жіктесек, әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жастағылар. 18-60 жас аралығындағы қыз-келіншектер саны 5,3 млн. 60 жастан асқан апаларымыз 1,7 млн екен. 

Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы – 34,1. Бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Кеше, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →