×

Шымкенттегі мектеп директорларын бопсалайтын псевдо-блогерлерді соттатамыз – Сәрсен Құранбек

Сосын сотқа беріңіздер. Керек болса, соттатамыз.

Шымкенттегі мектеп директорларын бопсалайтын псевдо-блогерлерді соттатамыз – Сәрсен Құранбек
Фото: Шымкент қалалық әкімдігі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерін бопсалайтын блогерлерді жазалау керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Қазір бопсалаумен айналысатын псевдо-блогерлер көбейген. Мынандай қателігінді көріп қойдым, көрсетпесін десең осындай ақша бересің деп айтады. Бұл әңгіме бізге де жетеді. Ар аттаған, ұяттан безген журналистсымақ блогерлер бар екенін сіздер де білесіздер. Мектептердің директорларын қорқытып қойған. Олар әлеуметтік желі мен БАҚ құралдарына шығып кетеді қорыққандарынан айтқандарын істейді. Бірақ біздің қазіргі позициямыз басқа. Ақша сұрап, жариялаймын деген блогер болса жариялатыңыздар. Сосын сотқа беріңіздер. Керек болса, соттатамыз. Павлодарда солай арыз жазған блогер солай түрмеге тоғытылды. Сондай жағдай баршылық. Президенттің өзі жариялықты ұстанамыз, ондай бопсалаумен айналысса жазаланады деп айтты. Сондықтан псевдо-блогер деп жайдан-жай айтқан жоқпын, - дейді Сәрсен Құранбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте Тазару күнінде бір мыңнан астам түп ағаш егілді
Кеше, 14:39

Шымкентте Тазару күнінде бір мыңнан астам түп ағаш егілді

«Бір тал кессең, он тал ек» деген акция ұйымдастырылды
Шара аясында 150-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды
Шаралар легі орталық алаңда театрландырылған қойылыммен басталды
Ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →