×

«Таулы аймақта құрылысқа рұқсат бермегенім үшін көп жау таптым» – Ерболат Досаев

Бұл туралы ол Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтқан

«Таулы аймақта құрылысқа рұқсат бермегенім үшін көп жау таптым» – Ерболат Досаев
Сурет: ult.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев таулы аймақта құрылысқа рұқсат бермегені үшін көп жау тауып алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Ерменсай шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына қатысты сұрақтарға жауап бере отырып айтты. 

«Белгілі бір ауданда тұрғын үй кешендерінің құрылысына мораторий енгізу заң жүзінде мүмкін емес. Бірақ біз бұл мәселені реттеп отырмыз. Соңғы бірнеше жылда қанша жобаны мақұлдаудан бас тартқанымызды елестете де алмайсыздар. Қалада менің таулы аймақта құрылыс жүргізуге рұқсат бермегенім үшін жауым көбейді», – деді Ерболат Досаев. 

Сонымен қатар, заңдағы олқылық құрылыс компанияларына жеке тұрғын үйге арналған жерлерге аз қабатты кешендер салуға мүмкіндік беріп отыр.

 «Біз заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіздік және өз тарапымыздан құрылыс ережесін қатаңдаттық. Қазіргі уақытта бұл ереже тау бөктерін тегістеуге, таулы аймақтағы жоталар жолағында, соның ішінде еңісі 15 градустан жоғары жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салады», – деді Алматы әкімі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте Тазару күнінде бір мыңнан астам түп ағаш егілді
Кеше, 14:39

Шымкентте Тазару күнінде бір мыңнан астам түп ағаш егілді

«Бір тал кессең, он тал ек» деген акция ұйымдастырылды
Шара аясында 150-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды
Шаралар легі орталық алаңда театрландырылған қойылыммен басталды
Ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →