×

"Бет-жүзді тұмшалайтын қара киім". Тоқаев паранджа мен никаб туралы айтты

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық

"Бет-жүзді тұмшалайтын қара киім". Тоқаев паранджа мен никаб туралы айтты
Фото: shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киім қазақ халқының бірегей ұлттық болмысын айшықтайтын маңызды элемент екенін баса айтты. Ол ұлттық киімді жан-жақты дәріптеу қажет екенін атап өтіп, бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі дәстүрлі киімдеріміздің құндылығын жоғары қою керек екенін жеткізді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.  

Тоқаев Ұлттық құрылтайда өл мәдениетіміздегі Әз-Наурыз мейрамының орны туралы айтты. 

 Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды, - дейді Тоқаев.

Ол  осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс деп отыр.

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек,- дейді президент. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →