×

Қазақстанда жаңа айыппұл пайда болды

Өзгерістер 13 наурызда күшіне енді

Қазақстанда жаңа айыппұл пайда болды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын бұзған кәсіпкерлерге енді тек ескертумен шектелмейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (ӘҚБтК) енгізілген өзгерістер 13 наурызда күшіне енді. 

Бұл өзгерістерге сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын бұзу деп мыналар саналады: тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпаратты орналастыру міндеттемелерін орындамау, шағымдарға уақытында жауап бермеу және тауарды қайтару мерзімдерін сақтамау. Бұрын ескерту жасалса, енді айыппұлдар қарастырылған.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте жаңалықтар туралы Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді.

Журналистердің бірі «Қазақстандықтар қашан өз құқықтарының қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қорғалатынын сезінеді? Заңды жүйелі түрде бұзатындар үшін қандай қатаң шаралар мен нақты айыппұлдар қарастырылған?» деп сұрады.

13 наурызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұған дейін тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін тек ескерту берілетін. Енді айыппұл салынады. Шағын бизнес субъектілері үшін – 15 АЕК (2025 жылы 58 980 теңге), орта бизнес үшін – 20 АЕК (78 640 теңге), ірі бизнес үшін – 25 АЕК (98 300 теңге) мөлшерінде айыппұл белгіленген. Бұл – айтарлықтай қатаң шара, – деді Серік Құсайынов.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, 2024 жылы Сауда және интеграция министрлігіне қазақстандықтардан 62,5 мың шағым түскен. Ал биылғы екі айда 10 мыңнан астам шағым тіркелген. Көпшілігі туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ), денсаулық сақтау және сауда салаларына қатысты.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-ге енгізілген жаңа өзгерістер мыналарды қамтиды:

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті үстемеақыны арттырғаны үшін (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы) айыппұл күшейтіледі: жеке тұлғалар мен шағын бизнес үшін – 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге), орта бизнес үшін – 35 АЕК (137 620 теңге), ірі бизнес үшін – 150 АЕК (589 800 теңге).
  • «Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы» туралы 173-бап жаңа 2-бөліммен толықтырылды: бір жыл ішінде лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметке қайтадан заңсыз араласқаны үшін 200 АЕК (786 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Кәдімгі стюардесса болу аздық ететіндей, Д. құрбысына бірден аға бортсерік қызметіне тұруды ұсынды.
Қасиет есімді бойжеткен мұның алдында топтағы жігіттердің бәріне бір-бір сағат сыйлап, құрмет көрсеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →