×

Шерзаттың әкесі басқа адвокаттармен келісімге келді

Қаржаубай Нұрымов тек Айтбек Амангелдімен жұмыс істегісі келмеген

Шерзаттың әкесі басқа адвокаттармен келісімге келді
Фото: Smartnews коллажы

Бүгін желіде марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов «адвокаттардан бас тартып жатыр» деген ақпарат тараған еді. Осыған қатысты журналист Жан Ахмади жағдайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның айтуынша, Қаржаубай Нұрымов тек Айтбек Амангелдімен жұмыс істегісі келмеген.

Қаржаубайдың отбасы адвокаттардан бас тартқан жоқ. Тек Айтбек Амангелдімен байланысты үзді. Көпшілік соны түсінбей жатыр, - дейді Жан Ахмади.

Оның айтуынша, енді Шерзаттың ісімен Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов айналысады.

Қазіргі таңда Қаржаубай мырза мен жары біздің компанияға сенімхат берді. Біз өз тобымызды жасақтаймыз. Сотта марқұм Шерзат Болаттың мүддесін қорғаймыз. Іске ынталы болып, көмегін тигіземін деген адвокаттар болса, қатарға шақырамыз. Негізі қазіргі таңда да Қаржаубайдың бұрынғы адвокаттарына кедергі келтірмейміз. Бірақ іс-материалдарын сұратқанымызға екі күн болды, әлі ала-алмай жатырмыз. Сондықтан шешімді әрі қарай өзіміз қабылдайтын боламыз, - дейді адвокат Мейірман Шекеев.

Айта кетейік, бұған дейін адвокат Саида Тәуекел мен қоғам белсендісі Айтбек Амангелді Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартатынын хабардар етті деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →