×

Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелдінің адвокаттарынан неге бас тартқанын айтты

Шерзат Болаттың әкесінің сөзінше, Әйтіммен жұмыс істегісі келмейді

Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелдінің адвокаттарынан неге бас тартқанын айтты
Qaz365.kz

Қаржаубай Нұрымов Qaz365.kz тілшісіне жауап беріп, неге адвокаттардан бас тартқанын айтты.

Талғарда бір топ жігіттің қолынан мерт болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелді ұсынған адвокаттардан неге бас тартқаны турасында қысқаша түсініктеме берді.

«Өз қалауым ғой кіммен жұмыс жасайтыным. Әйтіммен жұмыс істегім келмеді. Адвокаттардың (Саида Тәуекелова) еңбегін жоққа шығара алмаймын. Сенімхатты қайтарып аламын. Бұдан артық ешнәрсе айта алмаймын. Бізде бәрі жақсы», - деді Қаржаубай Нұрымов.

Айтбек Амангелдіге Қаржаубай Нұрымов жазып, адвокаттарынан бас тартатынын хабардар еткен. Бұл ақпарат кеше тарады. 

Еске салсақ, жақында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша материалдар алдағы күндері сотқа жіберілетінін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ
Бүгін, 12:03

Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ

Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 
Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.
Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →