×

Құдайдан қыз тілеп ем бірден үшеуін берді – үш ұлы бар оралдық ана

Құдайдан қыз тілеп ем бірден үшеуін берді – үш ұлы бар оралдық ана
Фото: BAQ.kz

Оралдағы Мағзомовтар отбасы 8 наурыз қарсаңында қуанышқа кенелді. Бұл шаңырақ бірден үш  бірдей бұрымды дүниеге келді. Екі апта дәрігердің бақылауында болған үшем мен оның анасы Айзада Құбашеваны кеше перзентханадан шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Біздің үш ұлымыз бар. Құдайдан қыз тілеп едім. Шүкір үш қыз берді. Үшем босанатынымды алтыншы аптада білдім. Біздер жасырдық, ешкімге айтпадық. . Сол жүктілік жақсы деңгейде өтті. Тек соңғы апталарда кішкене ауырлау болды. Жүктіліктің 35-аптасында перинаталды орталықтың бас дәрігерлері жоспарлы түрде кесір тілігін жасады. Балалар ширақ жақсы шықты. Содан кейін екі қызым реанимация бөлімінде бір жұмадай жатты. Дәрігерлердің арқасында қызғалдақтарым қанаттанып кетті. Ол кісілерге үлкен рақмет айтамын!- дейді үшемнің анасы Айзада Құбашева тілшілерге берген сұхбатында.

Көпбалалы отбасы атанған жастар Орал қаласында тұрады. Үлкен ұлының жасы 12-де, ортаншысы – 9-да болса, кіші ұл – 6 жаста.

Жаңа туған үшемге Мәдина, Раяна, Аяла есімдері берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құрмет және алғыс: Өскеменде Жеңіс Парадына қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алды
Кеше, 18:18

Құрмет және алғыс: Өскеменде Жеңіс Парадына қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алды

Шығыс Қазақстан ардагерлері Астанадағы Жеңіс парадынан қайтып, құрметпен қарсы алынды
Былтыр Қарабалық ауданында 5000 ағаш көшеті отырғызылды. 
Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды
Олар маусым мен қыркүйек айлары аралығында қатынайды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →