×

Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аудары мүмкін

Жаңа заң жобасы

Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аудары мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, жаңа заң жобасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған екі негізгі бастаманы қамтиды:

1. Қызметкерлердің жарналарын есептеу базасының жоғарғы шегін арттыру.
2. Мемлекеттің МӘМС жүйесіне жарна төлеу мөлшерлемесін ұлғайту.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу үшін ең жоғарғы шек қазіргі 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 50 ЕТЖ-ға дейін арттырылады.

Бұл өзгерістер 508 мың адамға, яғни барлық жалдамалы жұмысшылар мен олардың жұмыс берушілерінің шамамен 9%-ына әсер етпек. Себебі қазіргі жүйеде табысы жоғары азаматтар өз табысына сай жарна төлемейді, яғни пропорционалды төлем әділетсіздігі орын алып отыр, - деді министр.

Министрлік бұл бастама МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →