×

Қандастардың білім деңгейі қандай: Жыл басынан 2 185 этникалық қазақ елге оралды

Елге оралған қандас бауырлар 8 облысқа орналастырылған

Қандастардың білім деңгейі қандай: Жыл басынан 2 185 этникалық қазақ елге оралды
Сурет: gov.kz

2025 жылы 2 185 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

 Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың:

  • 46,4% Қытайдан,
  • 41% – Өзбекстаннан,
  • 7,1% – Түрікменстаннан,
  • 1,9% – Ресейден,
  • 1,6% – Монғолиядан және 2% басқа елдерден келген.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 150 мыңнан астам этникалық қазақ оралды

“Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,8%-ды, кәмелетке толмағандар 30,8%-ды және зейнеткерлер 8,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,8%-ы жоғары білімді, 30,7%-ы орта кәсіби білімді, 50,8%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ”, – делінген министрлік хабарламасында.

Қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталып, орналастырылған:

  • Ақмола,
  • Абай,
  • Қостанай,
  • Павлодар,
  • Атырау,
  • Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған.”

“Бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді”, – делінген министрліктің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →