×

Неліктен әйел курьерлердің қатары көбейіп келеді

Әр істің өз қиындығы бар демекші бұл саланың да өзіндік ерекшеліктері бар

Неліктен әйел курьерлердің қатары көбейіп келеді

Курьер болып жұмыс істейтін әйелдердің 67%-ы шай пұлды сирек алады. Бұл туралы inDrive.Couriers командасының жүргізген зерттеулері анықтады. Зерттеу мамандық таңдаудың негізгі мәселелері, жұмыстағы қиындықтарды және жеткізу саласында жұмыс істейтін әйелдердің армандарын анықтады.

Әйелделдерің 14%-ы тәжірибесіз жұмысқа орналасады

Курьер болып жұмыс істейтін әйелдерді икемді жұмыс кестесі қызықтыратын көрінеді. Мәселен, нәзік жандылардың 17%-ы жұмыс пен жеке өмірін байланыстырып, тұрмыстағы шаруаларға үлгере алады. Сондай-ақ, арулардың 14%-ы тәжірибесіз жұмысқа бірден орналаса алған.  Ал 13%- ы жеткізу қызметінен тапқан қаржыны қосымша табыс ретінде пайдаланған. Себебі әр адам жеткізуші болу уақытын өзі таңдай алады. Сондай жандардың бірі Ләззат, ол үш жылдан астам уақыт жеткізу қызметінде жұмыс істеген.

- Мен бұл мамандықты таңдау кезінде көптеген артықшылықтарды байқадым. Маған ұнағаны ыңғайлы уақыт, икемді жұмыс кестесі болды. Себебі мен баламды мектепке апарып, алып келемін. Қосымша үйдің шаруаларында үлгеріп жүрмін, - дейді Ләззат есімді курьер.

Дегенмен жеткізу қызметі оңай деп айтуға келмейді. Себебі нәзік жандылардың курьер болып жұмыс істейтін көрген адамдар оларға аяушылық пен қарап, жұмысына сенімсіздік танытатын көрінеді. Дегенмен сауалнамаға қатысқан әйелдердің көпшілігі бұл жұмыс әмбебап екенін және барлығы бұл салада жұмыс істеуге құқығы бар екенін айтқан.

Курьер болудың қиыншылықтары қандай?

Әр істің өз қиындығы бар демекші бұл саланың да өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, жеткізушіге тауарды жеткізу пәрмені түскен сәтте қораптың салмағы немесе көлемі белгісіз болады. Тіпті олар қораптың ішінде не барын ашып, тексере де алмайды. Алматылық курьер Лаураның айтуынша, кейде тапсырыста өте ауыр қорпатар болады. Оны жеткізіп, көтеру біршама қиындық тудырады.

Зерттеу нәтижесінде курьер қызметінің негізгі ауыртпалықтары ретінде келесі мәселелер анықталды:

- Мәселен, сұраныс әр күні әртүлі болуы мүмкін. Кей күндері тапсырыс көп, кей күндері азырақ болады (39%);

- Кейбір тапсырыс берушілердің жеткізушілерге құрметсіздік танытып, дөрекі болуы (22%);

- Ауа райының құбылмалылығы (19%). Ауа райы жұмыстың өнімді болуына септігін тигізетінін ерекше атап өткен жөн.

“Өзім би, өзім қожа”

Зерттеу нәтижесінде әйелдердің жеткізу қызметінде жұмыс істеуінің тағы бір артықшылығы еркіндіктің, басшыларлың болмауы екендігі анықталған. Яғни тапсырсты қабылдау, қабылдамау, жұмысқа сол күні шығу немесе шықпауды нәзік жандылар өздері шешеді. Таңдау еркіндігі курьер болудың маңызды факторлының бірі десек артық айтпағанымыз.

- Мен өзім би, өзім қожамын. Бұл жұмыста бастықтықтың толассыз тапсырмасы мен айқай-шуы жоқ.  Өзім қалаған уақытта жұмысқа шығып, қалаған тапсырысты қабылдап жеткіземін. Меніңше, бұл көп адамның арманындағы жұмыс. Себебі кеңседе отырып, қоғаммен араласып, далалада жәй серуендеп қайтудың өзі оларағмұң. Ал жеткізу қызметінде еркіндік адамның өзіне берілген. Сол себептен де бұл жұмыс басқаларынан ерекеше деп айта аламын. Мен  қозғалысты жақсы көремін, сол үшін ұзақ уақыт жаяу жүріп, серуендеп жұмыс істеймін, - дейді Анастасия.

Курьер болып жұмыс істеу Ләззатқа отбасын асырап қана қоймай, көшіп келгеннен кейін қаланы жақынырақ тануға көмектескен.

- Маған бәрі ұнайды, мен барлық аудандарды білемін. Қаланы жақынырай таный бастадым, - дейді Ләззат.

 

Жеткізу қызметіндегі әйелдерің 20%-ы өз үйінің болуын армандайды

Зерттеу кезінде әйелдерің жұмысы мен қызғушылығанан бөлек олардың арман, мақсаттары да анықталған. Мәселен, сауалнамаға қатысқан курьер әйелдердің 20%-ы өз үйінің болуын армандайды. Басқа жалпы армандарға саяхат (12%) және қаржылық тәуелсіздік (10%) жатады.

Бір қызығы, курьерлердің Халықаралық әйелдер күніне деген көзқарасы әртүрлі және 11 пайызы бұл күнді отбасымен немесе достарымен өткізуді жоспарласа, 9 пайызы мерекені көбірек табыс табу мүмкіндігі ретінде пайдаланып, әдеттегідей жұмыс істейді, ал 8%-ы жеке немесе діни себептермен 8 наурызды тойламауды жөн көреді.

Сондай-ақ зерттеу көрсеткендей, әйел курьерлердің 67%-ы шай пұлды сирек алады, ал 28%-ы тіпті алмайды, бұл олардың жұмысының төмен бағалануын көрсетеді. Дегенмен, цифрлық платформалар әйелдер үшін жаңа жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жасауда, бұл оларға мансапты өз бетінше құруға және жұмысты өмірдің басқа басымдықтарымен біріктіруге мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →