×

«Таза Қазақстан»: Жезқазғандағы сенбілікке 8 мың адам қатысты

Қаладан 700 тонна қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан»: Жезқазғандағы сенбілікке 8 мың адам қатысты
Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс орталығы Жезқазған қаласында экологиялық тазалықты насихаттауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған шараға 8 000 астам адам қатысып, 80 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 700 тонна қоқыс қаладан шығарылды. Қалалық полигон сенбілік барысында жиналған қалдықтарды тегін қабылдады.

Сондай-ақ сенбілікке 300-ден астам ұйымның, мекемелердің және шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбек ұжымдары белсене атсалысты.

Айта кетейік, Ұлытау облысы бойынша 700 ұжымнан 15 мыңға жуық адам, 173 арнайы техника жұмылдырылып, мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →