×

Екібастұзда «жігітімнің досы зорлады» деген қыздың өзі 9 жылға дейін сотталуы мүмкін

Екібастұзда «жігітімнің досы зорлады» деген қыздың өзі 9 жылға дейін сотталуы мүмкін
Elements.envanto.com

Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында 19 жастағы қыздың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы іс үлкен дау тудыруда. Енді зардап шектім деген қыздың өзі сотталуы мүмкін. Бұл туралы құқық қорғаушы Динара Смайылова мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Оның айтуынша, зорлық автосервис аумағында болған. Қызды алдап, сол жерге жігітінің досы шақырған. Жыныстық зорлықтан кейін ол бәрін жігітіне айтып, екеуі полицияға жүгінген. Қызға медициналық көмек қажет болған.  Оның жарақаттары мен соққы іздері тіркелген. Құқық қорғаушының айтуынша, полиция қызметкерлері қыздың жағдайын көріп, ауруханаға жіберген.  Сондай-ақ қанға боялған киімдер сияқты айғақтарды тәркілеген. Күдікті кінәсін мойындаған көрінеді.

Алайда соған қарамастан, күдікті бостандықта жүр. Керісінше, ол жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп, арызын қайтарып алуға мәжбүрлеген. Қысымға шыдамаған қыз шағымын кері қайтарып алады.

Осыдан кейін, Смайылованың айтуынша, полиция қыздың өзіне қарсы қылмыстық іс қозғап, оған «көрінеу жалған айыптау» бабы бойынша айып таққан. Енді зорлық-зомбылыққа ұшырадым деген қыздың өзі 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір полицияның пікірінше, зорлық көрсеткен күдікті емес, жәбірленушінің өзі қоғам үшін қауіпті адам болып тұр. Қоқан-лоқыға, қорқытуға, психологиялық қысымға ұшыраған адам – сол қыз, – деп жазды құқық қорғаушы.

Смайылова бұл жағдайды жүйелі мәселелердің айқын көрінісі деп санайды: жәбірленушілерді дереу қорғау тетіктерінің жоқтығы, тергеушілердің олардың психологиялық жағдайын елемеуі және зорлық көрсеткендердің жазасыз қалуы. Ол заңнаманы шұғыл түрде өзгертуге шақырды, оның ішінде зорлық көрсеткендерді міндетті түрде қамауға алу, сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін арнайы бөлімшелер құру және тергеу кезінде психологтарды тарту қажеттігін атап өтті.

Құқық қорғаушы сондай-ақ мұндай жағдайларда жәбірленушіге көрсетілген қоқан-лоқыны қылмыстық кодекстің 115-бабы бойынша жеке қылмыс ретінде қарастыру керек екенін еске салды.

Смайылованың айтуынша, жәбірленуші қазір ұзақ мерзімді емдеуді және физикалық әрі психологиялық оңалтуды қажет етеді. Алайда, оның сөзінше, жүйе оны мүлдем сындырып тастаған.

Qaz365.kz редакциясы Павлодар облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдап, жағдайға түсініктеме беруін сұрады.

Қала тұрғынының зорлау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс тергелді.Қажетті тергеу шаралары кешені жүргізіліп, оқиғаның екі жақтың өзара келісімімен болғаны анықталды.Осыған байланысты, азаматшаның бастапқыда жалған ақпарат бергені ескеріліп, көрінеу жалған айыптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →