×

Алматы облысында наразылыққа шыққан тұрғын үй үлескерлері мен әкім орынбасары кеңес өткізді

Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін айтты

Алматы облысында наразылыққа шыққан тұрғын үй үлескерлері мен әкім орынбасары кеңес өткізді
Фото: gov.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев «Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес өткізіп, құрылыс компаниясы және жергілікті атқарушы органдармен үлескерлер мәселесін шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоспарланған төрт тұрғын үйдің екеуі әлі аяқталмаған. Құрылыс салушы мен үлескерлер арасында тек ниет хаттамаларына қол қойылғаны анықталды, бұл қосымша заңдық қиындықтар туғызады.

Әсет Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Құрылыс компаниясы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, оларды пайдалануға беру міндетін өз мойнына алды. Әкімдік өз тарапынан инженерлік инфрақұрылым бойынша қажетті қолдау көрсетеді, алайда құрылысты аяқтау құрылыс компаниясының жауапкершілігінде қалады.

2023 жылдың желтоқсанында бекітілген Жанатұрмыс ауылының Бас жоспарына сәйкес, кешен аумағы көпқабатты тұрғын үйлер, таунхаустар және мектеп салуға арналған.

Жұмыс кездесуі барысында Әсет Масабаев құрылыс жұмыстарын орындау бойынша жол картасын әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ олардың іске асырылу кестесін айқындауды тапсырды.

Үлескерлермен ашық диалог орнатып, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әр апта сайын жиын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл кездесулерде жол картасының орындалу барысы мен жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Қытайдан заңсыз тауар тасымалдаған кәсіпкерлерге қатысты үкім шықты
Бүгін, 10:02

Алматыда Қытайдан заңсыз тауар тасымалдаған кәсіпкерлерге қатысты үкім шықты

Іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Шаһарда 15 739 көпбалалы ана бар
Облыс әкімі мерейтойға аз уақыт қалғанын ескертіп, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды
Киік санын реттеу жұмыстарына 6 облыстағы 24 мал сою пункті жұмылдырылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →