×

Аутизм туралы бүкіләлемдік ақпараттандыру күні

Кейбір ата-аналар балаларын еш жерге тіркемейді немесе арнайы ем алу мүмкіндігіне ие емес

Аутизм туралы бүкіләлемдік ақпараттандыру күні

Бүгін, 2 сәуір – Аутизм туралы бүкіләлемдік ақпараттандыру күні. Осы атаулы күн аясында “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Алматы қалалық филиалының ұжымы арнайы оңалту орталықтарының біріне барып, ерекше балалар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бұл күн 2007 жылдан бері атап өтіледі. Қоғамды аутизм туралы ақпараттандыру және хабардар ету мақсатында орталыққа арнайы келдік. Біздің ұжым аутист балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың қиындықтарын жақсы түсінеді. Қоғам өкілдері де бұл мәселеге бей-жай қарамаса екен”, – дейді ЖАСҰО Алматы филиалының бөлім басшысы Айдар Бейспеков.

Елімізде аутизмге шалдыққан балалар саны артып келеді

Оңалту орталығының басшысы Арғын Жармұқанов Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар саны жыл сайын көбейіп келе жатқанын атап өтті.

“Қалада 10-нан астам осындай жекеменшік орталық бар. Біздің орталық 2019 жылы ашылған, қазіргі таңда 50 шақты бала келіп жүр. Біз балаларды оңалтуда физикалық жаттығулар мен дене қимылдарына арналған ойын әдістерін қолданамыз. Бұл тәсіл тиімді болғандықтан, ата-аналар бізді таңдайды”, – дейді орталық басшысы.

Аутизммен ауыратын балалардың нақты санын анықтау қиын. Себебі кейбір ата-аналар балаларын еш жерге тіркемейді немесе арнайы ем алу мүмкіндігіне ие емес. Бейресми деректер бойынша, Алматы қаласының өзінде аутизмге шалдыққан 4000-ға жуық бала бар.

Көк түс – аутизмді қолдаудың символы

Осы күні әлем бойынша аутизм туралы ақпараттандыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп, ғимараттар мен ескерткіштер көк түспен жарықтандырылады. Көк түс – аутизмді қолдаудың және ерекше балаларға түсіністікпен қараудың халықаралық символы болып саналады.

Аутизм – үкім емес. Ерекше балалардың қоғамға бейімделуі үшін әрбіріміз қолдау көрсетуіміз қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шетелде оқитын студентті әскерге малша тиеп алып кеткен»: Әлішер Елікбайдың ата-анасы көмек сұрап, дабыл қақты
Бүгін, 17:48

«Шетелде оқитын студентті әскерге малша тиеп алып кеткен»: Әлішер Елікбайдың ата-анасы көмек сұрап, дабыл қақты

Әскери комиссариат баланың оқитыны турасында құжаттың нотариалды түрде расталған формасын талап еткен.
Шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді.
Ол әдетте баласын түнгі уақытта үйден шығармайтынын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →