×

Алматыда жылу беру маусымының аяқталу мерзімі белгілі болды

Өңірде 2024-2025 жылдардағы жылу маусымы штаттық режимде өтіп жатыр

Алматыда жылу беру маусымының аяқталу мерзімі белгілі болды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу беруді кезең-кезеңімен өшіру 10 сәуірден басталады, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Қазіргі жағдай туралы Энергетика және су шаруашылығы басқармасының, «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго», «Алматы электр станциялары», «Алатау Жарық Компаниясы», «Алматы Су», Алматы филиалы «QazaqGaz Aimaq» өкілдері баяндады. Ұйымдардың мәліметінше, 2024-2025 жылдардағы жылу маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Барлығы 404 білім беру, 128 денсаулық сақтау және 8 863 тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген.

Жылыту маусымын дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, Алматыда сыртқы ауа температурасының орташа тәуліктік +8⁰ және одан жоғары болғаны, гидрометеорологиялық қызмет тарапынан бес күн бойы тіркелгені негізінде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.

Жылу беру 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріле бастайды, алдымен әкімшілік ғимараттар, білім беру мекемелері, мәдениет нысандар және басқалары, кейін тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балабақшалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

Кеңес барысында биыл ұзындығы 39 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланғаны атап өтілді. Қазіргі таңда жылу желілері 56,1% тозған, қабылданған шаралар арқылы бұл көрсеткішті 54,9%-ға дейін төмендету көзделген.

Айта кету керек, 2024 жылы қалада 20 км жылу жүйесі жаңартылды, 85 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жылу беру тиімділігін айтарлықтай арттырып, жылыту маусымын өшірмей аяқтауға мүмкіндік берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана халықаралық форумы 2025: «Connecting Minds, Shaping the Future»
Бүгін, 20:27

Астана халықаралық форумы 2025: «Connecting Minds, Shaping the Future»

Пікірталастардың негізгі тақырыбы
Жұмыс сапары барысында әкім тротуар бөлігін абаттандыру бойынша ескертулер берді
Ауданда білім, денсаулық сақтау, спорт, жол және коммуналдық мәселелердің бәрі күн тәртібінде тұр. 
Депутат мемлекеттік бюджет мәселесіне қатысты фракцияның ұстанымын да түсіндірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →