Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды
Әр шығарылымда авторлар қала тұрғындары, тарихшылар және сәулетшілермен бірге бұрын беймәлім болған деректерді ашып, қалалық билік өкілдерімен бірге Алматы көшелері мен даңғылдарын қайта жаңғырту, қоғамдық кеңістіктерді түрлендіру жоспарлары туралы әңгімелейді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ке сілтеме жасап.
«Алматы көшелері» – бұл тұтас бір тарих пен өмір сүріп, өсіп, мегаполиспен бірге дамып келе жатқан әлем. Журналистер бұл жолы Панфилов көшесіне арналған жаңа шығарылым әзірледі.
Айта кету керек, соңғы үш жылда Алматыда 85 жаңа және 71 қайта жаңғыртылған қоғамдық кеңістік пайда болды. Қалада 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды. 2025 жылы орташа жөндеуден өтетін жол ұзындығы тағы 300 шақырымды құрап, 35 шақырымнан астам жаңа жол салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, қала әкімінің бастамасымен алғаш рет «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша 10 көшені абаттандыру жобасы жүзеге асырылмақ. Биылғы жылы Достық даңғылы, Пушкин және Жібек жолы көшелерінде жұмыстар басталады деп жоспарлануда. Жоба аясында тек жүргін бөлігі ғана емес, сонымен қатар тротуарлар, аула аумақтары, қасбеттер мен көгалдандыру жұмыстары да жүргізіледі.
Еске салайық, Almaty TV-де «Made in Almaty», «Шаһар шырайы», «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» сынды бірқатар жаңа бағдарлама эфирге жол тартты. Сонымен қатар алдағы уақытта «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобаларын шығару жоспарда бар.