×

Қонаевта 28 отбасы қоныс тойын тойлады

Жалға алу құны барша азаматқа қолжетімді

Қонаевта 28 отбасы қоныс тойын тойлады

Қонаев қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Тұрғындарды қоныс тойымен қала әкімі Асхат Бердіханов құттықтады.

«Қонаев қаласында тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүруде. Онымен қоса, халықты баспанамен қамту мәселесіне де аса ден қойылуда. Былтырдан бері 165 отбасыға пәтер кілттері табысталса, бүгін 28 отбасы қуанышқа кенелейін деп отыр. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, біртуар азаматтарымыздың 90-100 жылдығы  тойланып, Жұмысшы мамандықтар жылына орай бірқатар іс-шаралар жүзеге аспақ. Осы атаулы күндермен қатар сіздер де көптен күткен пәтерге ие болдыңыздар. Шаңырақтарыңыздың іргетасы мықты, керегесі кең болсын! Ішінде тек қана татулық пен береке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын!» - деді шаһар басшысы.

Қуаныш иелерінің атынан Ғалия Момбекова сөз алып, жиналған жұртқа ақжарма тілегін арнады.

«Біз секілді жанұяларға қолдау көрсеткен Президентімізге, облыс әкімі мен қала әкіміне алғысым шексіз! Бұл күнді өте ұзақ күттік! Іштей толқып, кеудемді керемет сезімдер билеуде! Әр жанұяға биылдан қалмай, үйлі болуын тілеймін! Той тойға ұлассын!» – деді ол.

Айта кетейік, бұл пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз жалға беріледі. Жалға алу құны барша азаматқа қолжетімді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шетелде оқитын студентті әскерге малша тиеп алып кеткен»: Әлішер Елікбайдың ата-анасы көмек сұрап, дабыл қақты
Бүгін, 17:48

«Шетелде оқитын студентті әскерге малша тиеп алып кеткен»: Әлішер Елікбайдың ата-анасы көмек сұрап, дабыл қақты

Әскери комиссариат баланың оқитыны турасында құжаттың нотариалды түрде расталған формасын талап еткен.
Шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді.
Ол әдетте баласын түнгі уақытта үйден шығармайтынын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →