×

Magnum-ға бойкот: Шағымданушы мен курьер бетпе-бет кездесті

Ол қайтадан сауда желісіне жұмысқа кіріскен

Magnum-ға бойкот: Шағымданушы мен курьер бетпе-бет кездесті
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Magnum желісінің курьерінің жұмыстан қуылуы қызу талқыға түсті. Дау курьер қазақ тілінде сөйлеуді талап етуінен басталған болатын. Бүгін екі жігіт өзара кездесіп, татуласты, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Курьердің есімі – Еркін екен.

“Соңғы күндері әлеуметтік желіде маған және Магнумға қатысты әңгіме болып жатыр. Соны түсіндіріп кетсем деймін. Алдымен баршаңызға қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рақмет айтамын. Өмір болғаннан кейін түсінбестік болып тұрады. Бірақ бәріміз қазақпыз ғой. Елімізге тыныштық пен татулық керек. Біз кездесіп, татуласып, қол алыстық”, –  деді ол.

Еркін қайтадан Magnum желісіне жұмысқа кірісіпті.

“Бәрі жақсы, жұмыс берушіге ешқандай шағым жоқ. Осымен мәселеге нүкте қойып, тоқтасақ деймін. Бәріміз бір қазақпыз. Үлкен рақмет”, –  деді ол.

Ал сауда желісіне курьердің үстінен шағымданған Асылхан да өз қатесін түсінген.

“Қадірлі ағайын! Мұндай жағдайдың болғаны өкінішті. Қатемізді түсіндік. Ал екеуіміздің бір-бірімізге ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ. Баршыңызға рақмет”, –  деп айтты ол. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Киік етінен келер қауіп бар ма? – Ауылшаруашылық министрлігі түсінік берді
Бүгін, 19:49

Киік етінен келер қауіп бар ма? – Ауылшаруашылық министрлігі түсінік берді

Киік санын реттеу жұмыстарына 6 облыстағы 24 мал сою пункті жұмылдырылған
Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →