×

iPhone-ның бағасы үш есеге қымбаттауы мүмкін

Apple өте күрделі өндіріс экожүйесін қайта құруы керек

iPhone-ның бағасы үш есеге қымбаттауы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

iPhone АҚШ-та құрастырылатын болса, бағасы 3500 АҚШ долларына дейін шарықтауы ықтимал. Бұл туралы CNN жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Apple өте күрделі өндіріс экожүйесін қайта құруы керек және бұл үшін орасан зор ақша салуы керек.

CNN жазуынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп «Жұмыс орындары мен зауыттар қайта оралады» деп мәлімдеді, өз сөзінде әлем бойынша бұрын-соңды болмаған тарифтер енгізілгенін айтып өтті.

Енді оның кең ауқымды жаһандық тарифтері күшіне енгеннен кейін, киім-кешек пен электроника сияқты өнімдердің бағасы қымбаттауы мүмкін, және бұл салмақ көбіне америкалық тұтынушыларға түсетін болады. Технология саласындағы сарапшы, Wedbush Securities қаржы қызметі компаниясының жаһандық технологиялық зерттеу жетекшісі Дэн Айвс CNN-ге берген сұхбатында, егер iPhone АҚШ-та өндірілсе, оның бағасы шамамен 3500 АҚШ долларына дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Президент пен оның экономикалық қызметкерлері тарифтердің нәтижесінде көптеген өндірістік жұмыс орындары АҚШ-қа қайта оралады деп уәде етті, бұл миллиондаған америкалықты жұмыспен қамтуы тиіс.

Дегенмен, Айвс бұл идеяны «қиялдағы ертегі» деп атады.

АҚШ-та жасалған iPhone қазіргі бағасынан үш есе қымбат болуы мүмкін деп атап өтті, себебі Азияда бар күрделі өндіріс экожүйесін АҚШ-та қайталау қажет болады.

Айвстың айтуынша, АҚШ-қа жеткізу тізбегінің 10%-ын ғана көшіру Apple компаниясына шамамен 30 миллиард долларға түседі әрі бұған үш жыл уақыт керек. Бұл тек смартфондарды құрастыратын зауыттар салумен шектелмейді, сонымен қатар чиптер өндірісіне арналған жоғары технологиялық фабрикалар да қажет болады. Қазіргі уақытта бұл өндіріс TSMC компаниясымен Тайванда жүргізіледі. iPhone-ның басқа құрамдас бөліктері де шетелде өндіріледі. Мысалы, экрандарды Оңтүстік Корея компаниялары өндіріп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді
Кеше, 16:11

LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді

Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды
Жергілікті білім беру ұйымдары ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпей, құқықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →