Мәжілістің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы түскен. Аталған заң жобасындағы жаңа нормаларға қатысты депутат Нартай Аралбайұлы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz..
Бірінші норма – «Автомобиль жолы пайдалануға берілгеннен кейін жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге жол берілмейді».
Бұл өте томпақ норма. Ақылы жол берілген соң, оның жұмыстарының сапасы мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуге жол берілмейді. Бұл өте қате норма. Өйткені жолды қабылдап алған кезде қатаң сараптама керек. Мердігер қашып кетпеу керек, жауапкершіліктен жалтармауы тиіс. Сондықтан бұл норма емес деп, алып тастау туралы ұсыныс бердік. Әріптесім Елнұр Бейсенбаев екеуіміздің ұсынымыз қабылданды. Ақылы жол салынған соң, оның сапасына бұрынғыдай қатаң тексеріс жүргізіле береді, - дейді Нартай Аралбайұлы.
Екінші норма норма – «Көлік құралын мемлекеттік тіркеуден немесе көлік құралының тіркеу деректерін өзгертуден бас тарту»:
Ақылы жолға қарызы бар адамдардың көлігін тіркеуге, тіркеу деректерін өзгертуге тыйым салу азаматтарымыздың өз мүлкін қолдануына шектеу қояды, яғни тікелей азаматтардың құқығын бұзу болып табылады. Бұл деген барып тұрған бассыздық. Халықтың мүлкіне бұлай қол соғуға болмайды. Біз мұны тоқтаттық, - дейді депутат.