×

«НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды

«НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды

Черногорияда «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды. Оны елге қайтару бойынша өтетін сот ертеңге белгіленді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Дина Таңсәрі қамауға алынар алдында видеоүндеу жазып үлгерген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында (ИВС) және таңертеңге дейін сонда болады. Ертең таңертең оның экстрадициясына қатысты сот отырысы өтеді.

Құқық қорғаушыларды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын бұл жағдайға назар аударуға шақырамыз. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, төмендегі WhatsApp нөмірі арқылы байланысуға болады,– делінген жазбада.

Айта кетейік, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғаумен айналысып танылған Дина Таңсәрі 2021 жылдан бері шетелде тұрады. Бұған дейін ол өзінің атынан бір жылда 20-дан аса қылмыстық іс қозғалып, қайта жабылғанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылорда облысының әкімі перинаталдық орталықта аналармен кездесті
07.03.2026ж. 16:23

Қызылорда облысының әкімі перинаталдық орталықта аналармен кездесті

Ананы ардақтау – адамдықтың асыл өлшемі, ананы құрметтеу – перзенттік парыз
Ата-бабамыз әлімсақтан әйелзатын ардақтап, ананы айрықша қадір тұтуға тәрбиеледі
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер
Құранның 2-сүре 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ» деп айтылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →