×

3 млн тонна болат өндіріледі: Жамбыл облысында металлургиялық зауыттың құрылысы басталды

Инвестиция көлемі – 564 млрд теңгені құрайды

3 млн тонна болат өндіріледі: Жамбыл облысында металлургиялық зауыттың құрылысы басталды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

​Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту бойынша тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қолдау бойынша кешенді жұмыстар жүзеге асуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

​Сондай жоспарлы жобалардың бірі – Шу ауданындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы металлургиялық зауыт. Кәсіпорын құрылысының басталу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

​Қытайдың жетекші металлургиялық компаниясы – Fujian Hengwang Investment Co., Ltd өндірістік қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін жететін металлургиялық зауыт салады.

​Инвестиция көлемі – 564 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Алғашқы кезеңде 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады.

​Компания үлкен тәжірибесін пайдалана отырып, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін темір рудасын терең өңдеудің толық циклін жолға қоюға ниетті: – бірінші кезеңде 1 млн тоннаға дейін арматура, созба сым, бұрышты болат, – екінші кезеңде 2 млн тонна профилді және жолақты болат шығарылмақ.

​Кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы енгізіледі. Бұл – өнім құрамындағы темірдің жоғары мөлшерде сақталуын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіпте ғылыми тәсіл мен заманауи технологиялардың тиімді үйлесуі өндірістің экологиялық тұрақтылығын арттыра түседі.

​Зауытты іске қосу – сабақтас салалардың дамуына берік негіз қалап, өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

​– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен ел Үкіметінің қолдауының арқасында өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып, ірі халықаралық жобалар іске асырылуда. Экономиканың стратегиялық салалары жүйелі түрде дамып келеді.

​Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында жалпы құны 3,6 триллион теңге болатын, 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 82 жоба бар. 2025 жылы жалпы сомасы 175,2 миллиард теңгеге 30 жобаны іске асыру жоспарланған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға көп инвестиция тартылды.​

​Бүгінгі жоба – мемлекет пен бизнес арасындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі, жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты өсудің символы, – деді облыс әкімі.

«Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғысын білдіріп, жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты нығайтудағы қосымша дәнекер болатынына сенім білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді
Кеше, 16:33

Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді
Тақырыптық киіз үйлер тігілді, әрбір үй тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалар жайлы сыр шертті
Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →