×

ШҚО-да әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды

ШҚО-да әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отырысқа "Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, облыстық үшжақты комиссия мүшелері, басқарма басшылары, Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері, қала және аудан әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  • “Еңбек тәуекелдері картасы” аясында Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда жалақы қарыздарын өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы; 
  • "Өңірдегі әлеуметтік әріптестікті дамыту перспективалары".

Отырыс барысында әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Сатыбалды Дәулеталин ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты “Үздік әлеуметтік әріптес” медалімен марапаттады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көлік алудың жаңа жолы: автолизинг бағдарламасы ресми түрде іске қосылды
Бүгін, 11:42

Көлік алудың жаңа жолы: автолизинг бағдарламасы ресми түрде іске қосылды

Бағдарлама қазақстандықтарға жаңа көлік сатып алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған
Тұрғындар емхананың алыстығы, жаңа қоғамдық кеңістіктерді құру, т.б мәселелерді көтерді.
Жарыста 70-ке жуық бүркіт, 14 ителгі мен 15 қаршыға өнер көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →