×

Берденовке шабуылдан кейін Шымкентте 1500 камера орнатылады

Берденовке шабуылдан кейін Шымкентте 1500 камера орнатылады
Фото: gov.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек Берденовке жасалған шабуылдан кейін қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала аумағында қосымша 1500 бейнебақылау камерасы орнату жоспарланып отыр. Бұл — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында қолға алынған шара, - дейді Сәрсен Құранбек.

Ол Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков операция аяқталғанша Берденовтің қасында болды деп отыр.

Жалпы, осы жағдай болған кезде қала әкімі де, қала әкімінің барлық орынбасары да, аппарат басшылары да жұмыста болдық. Оқиға болған орынға тез арада шықтық, полиция, жедел жәрдем шақырылды. Тез арада Руслан Берденов ауруханаға жеткізілді. Сол жерде қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Осы бірінші емханада ота жасалды. Ота ұзақ уақытқа созылды. Қала әкімі де, орынбасарлары да ота аяқталғанға дейін ауруханада болдық. Ота аяқталғаннан кейін ғана түнгі сағат екі шамасында үйімізге тарадық. Біз жағдайды толық бақылауда ұстадық. Ары қарай жағдайдың ушықпауын әкім жеке бақылауда ұстады, - дейді әкім орынбасары.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тозығы жеткен: Қазақстанда  сүрілгелі тұрған қанша көппәтерлі үй бар екені белгілі болды
Бүгін, 17:53

Тозығы жеткен: Қазақстанда сүрілгелі тұрған қанша көппәтерлі үй бар екені белгілі болды

Елімізде 3,2 трлн теңгеге ескі үйлерді сүру жұмыстары жүргізілмек
Ular сыйлығының жеңімпаздары 500 мың, 1 000 000 теңгеден иеленді
Бұған дейін қазақстандықтардың қарыздық жүктемесі мәселесін Ұлттық банк төрағасы да көтерген болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →