×

Мұрат Әбілда қайта қамауға алынды

Сотта блогердің ісі қайта қаралды

Мұрат Әбілда қайта қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін Түркістан қаласының ауданаралық сотында Сауран аудандық полиция бөлімінде блогер Мұрат Әбділдәға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасын орындауға жолдау жөніндегі ұсынысы қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 23.08.2024 жылғы қаулысына сәйкес азамат М.Абдиллаевқа сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00 аралығында  үйінде болуға міндеттелген. Дегенмен азамат М.Абдиллаев сот жүктеген міндеттерді өз дәрежесінде орындамаған.

Атап айтқанда, учаскелік полиция қызметкері 17.03.2025ж. түнгі уақытта Мұрат Әбділдәнің тұрғылықты мекен-жайын тексеруге барған уақытта үйінде болмаған. Сот процессі барысында полиция бөлімінің жүйелі бұзушылықтар туралы дәлелдері расталды.

Айта кетейік, блогер Мұрат Әбділдә әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде отырып, былапыт сөйлегені үшін 2022 жылдың 31 наурызында Қылмыстық кодекстің 174 бабының 1 бөлігімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылы 9 қыркүйек күні шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-да қала мен аудандар әкімдерінің жұмысы 2025 жылға арналған KPI көрсеткіштерінің орындалуы бойынша бағаланады
Бүгін, 13:36

ШҚО-да қала мен аудандар әкімдерінің жұмысы 2025 жылға арналған KPI көрсеткіштерінің орындалуы бойынша бағаланады

KPI құрамына 2025 жылға арналған қалалар мен аудандардың ірі әрі маңызды жобалары енгізілді
Бүгінгі брифинг Шымкенттегі мәдени өмірдің тағы бір белесіне қадам басқанын көрсетті
Ауқымды тазалық шарасы Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Нұрсәт шағын ауданында да ұйымдастырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →