×

Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы аталып өтті

Батырдың 115 жылдығына арналған іс-шаралар тұлғаның туған жері – Жуалы ауданынан бастал

Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы аталып өтті
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы аталып өтті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған іс-шаралар тұлғаның туған жері – Жуалы ауданынан басталды.

Еске алу шарасына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, қоғам қайраткері, жазушы, батырдың келіні Зейнеп Ахметова, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Жиналғандар Бауыржан Момышұлын бір минут үнсіздікпен еске алып, ерлігіне құрмет көрсетіп, еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл күні Жуалы аудандық прокуратурасында Бауыржан Момышұлының мерейтойына орай мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ең әуелі ҚР Бас прокуроры Берік Асылов құттықтау сөз сөйледі.

“Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр. Осы айтулы даталар аясындағы іс-шаралар Жамбыл облысының Жуалы ауданынан бастау алды. Бауыржан Момышұлы – туған жерін қорғауда ерліктің шыңына шығып, соғыстың қатал сынақтарында қайсарлық пен табандылықтың ерен үлгісін көрсетті. Батырдың халқына деген сүйіспеншілігі, ұлттық құндылықтарды сақтауға қосқан үлесі де ерекше. Оның қаламынан туған еңбектері, даналық сөздері – өскелең ұрпақ үшін рухани темірқазық.Бауыржан Момышұлы – майдангер, батыр, жазушы ғана емес, ол 1931-1932 жылдары Жуалы ауданының прокуроры қызметін атқарған. Бұл – біз үшін зор мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік!” – деді Бас прокурор.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бүгінгі игі іс-шаралар елдігімізді нығайтып, тарихты тануға зор үлес қосатынын атап өтті.

“Батыр Баукең – әулиеата өңірінің ғана емес, күллі қазақ жұртының мақтанышы! Біз – Бауыржандай батыр ұлдың ұрпағымыз! Ендеше, сол асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, аманатын адал атқарайық”, – деді өңір басшы.

Көпшілікке аудандық прокуратура ғимаратында Бауыржан Момышұлына арналған «Тәртіпсіз ер болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жасақталған танымдық бұрыш таныстырылды.

“Қазақ халқы барда атамыздың аты өшпейді, халықпен мәңгі жасайды”, – деген Зейнеп Ахметова елдің амандығын, жердің тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

Игілікті шара аясында қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызды.Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығын атап өту Жамбыл облысы прокуратурасының «Заңдылық» алаңында ескерткіш тақтаның ашылуымен жалғасты.

Облыс прокуратурасының бастамасымен ашылған тақта – қазақтың батыр ұлы, Жуалы ауданының прокуроры қызметін атқарған Бауыржан Момышұлы мен Ұлы Отан соғысына қатысқан прокурорлардың құрметіне орнатылды. Тағылымды шарада жас прокурорлар ант қабылдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
26-сәуірден бастап Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен BRT желісінің құрылысы басталады
Кеше, 12:52

26-сәуірден бастап Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен BRT желісінің құрылысы басталады

BRT желісі Тимирязевтен Райымбек батырға дейін ұзартылады
KPI құрамына 2025 жылға арналған қалалар мен аудандардың ірі әрі маңызды жобалары енгізілді
Сотта блогердің ісі қайта қаралды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →