×

Тентіреп қалды: 100-ден аса Қаскелең тұрғындары лицензиясы жоқ құрылыс компаниясына алданып қалған

Құрылыс компаниясы 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған

Тентіреп қалды: 100-ден аса Қаскелең тұрғындары лицензиясы жоқ құрылыс компаниясына алданып қалған
Сурет: Бейнеден кадр/ ҚМА

 Алматы облысы Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Тергеу кезінде «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары құрылысқа рұқсатсыз – яғни лицензиясыз, қажетті құжаттарсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз – жұмыс істегені белгілі болды. Соған қарамастан, олар «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалаған. Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі болмағанына қарамастан, олар жарнама арқылы 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл жағдай үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болған.

“Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар”, – делінген ҚМА ақпаратында.

 Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Бүгін, 08:32

Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар
Бұған дейін тексеру барысында 18 бұзушылық анықталып, оның 15-ін құрылыс салушы жойған
Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған
«Оңтүстік Мұнайгаз» компаниясының басшысы Андрей Шилковтың әйелі Елена Шилкова мәлімдеме жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →