×

Енді қоғамдық көлік иелері автобус ішіне камера орнатуға міндеттеледі

Үкімет қоғамдық көліктерге камера орнату талабын заңмен бекітіп алмақ

Енді қоғамдық көлік иелері автобус ішіне камера орнатуға міндеттеледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауапта қоғамдық көлік жүргізушілерін оқыс шабуылдардан қорғау шаралары туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазіргі таңда қоғамдық көлік жүргізушілерін толықтай оқшаулау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Өйткені ондай тәсілге қылмыс деңгейі жоғары елдер жүгінеді. Оның үстіне көптеген елде жүргізушілердің денсаулығы қозғалыс кезінде нашарлаған жағдайда дер кезінде көмек берілуі үшін жұмыс кеңістігі толық оқшауланбайды. Автобус ішінде кикілжің болған жағдайда жүргізуші көлікті бірден тоқтатып, полиция шақыруы керек. Жолаушылар тасымалдау ережесінде жүргізушінің назарын бөлуге тыйым салынған”, – дейді Үкімет басшысы.

Үкімет қоғамдық көліктерге камера орнату талабын заңмен бекітіп алмақ.

“Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көліктің жаңа түрлерінің қозғалысын реттеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының аясында автобус ішіндегі заң бұзу фактілерін тіркеу үшін қоғамдық көліктерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау туралы нормалар енгізілмек”, – деп жазылған жауапта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
Кеше, 17:14

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Балқаш жағалауларында маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деп болжануда
Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі
2024 жылдың қорытындысы бойынша депутаттық қызметінің тиімділігі (KPI) жоғары бағаланған
Курорттық өңірде 11 ауыл алкогольді сатудан толық бас тартқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →