×

Абай облысында бір үйдің 3 баласы алты жыл бойы мектепке бармаған

Облыста анонимді түрде 15 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы сауалнамаға қатысқан

Абай облысында бір үйдің 3 баласы алты жыл бойы мектепке бармаған
Сурет: Freepik.com

Абай облысында мектеп жасындағы бір үйдің 3 баласы алты жыл бойы мектепке бармаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қауіпсіз мектеп» айлық шарасы аясында әр мектепке прокуратура қызметкерлері бекітіліп, қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспары жасалды. Білім беру ұйымдарында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрістер, оқытушы фильмдер мен бейнероликтер көрсетілді. Атқарылған жұмыстар барысында бір отбасында тәрбиеленіп жатқан үш баланың алты жылдан астам уақыт бойы мектепте оқымағаны анықталды. Прокуратураның бастамасымен олардың құқықтары қалпына келтіріліп, кәмелетке толмағандар міндетті орта білім алу үшін қалалық мектептердің біріне орналастырылды. Профилактикалық есепте тұрған балалар мен олардың ата-аналарына ерекше назар аударылып, олар тұрақты бақылауға алынды. Сондай-ақ айлық шеңберінде «QR-сауалнама» жобасы іске асырылды. Аталған жоба арқылы онлайн форматта, анонимді түрде 15 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы сауалнамаға қатысты. Сауалнама нәтижелері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірқатар өзекті мәселелер мен профилактикалық шаралардың жеткіліксіздігін көрсетті. Сауалнамаларда тіркелген заңсыз әрекеттер туралы әрбір хабарлама уәкілетті органдарға қосымша тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

Прокуратура кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау – ата-аналардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігіне әкеп соғатынын еске салып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шалқардағы жүк дауы: халық наразы, ҚТЖ түсініктеме берді
Бүгін, 14:54

Шалқардағы жүк дауы: халық наразы, ҚТЖ түсініктеме берді

Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. 
Оның сөзінше, күйеуі аталған компанияда жұмыс істейді екен.
Басымдық балалы әйелдерге, қарттарға, кәмелетке толмағандарға және осал топ санатындағыларға беріледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →