Бұл туралы Серік Жұманғарин мәлімеді.
Вьетнамның SOVICO Group компаниясы Қазақстандағы әуежайлардың бірін басқаруға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 6 мамырда премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламның кездесуі қарсаңында мәлімдеді.
Вьетнам – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі серіктестеріміздің бірі. 2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 1 млрд долларды құрады. Кейін объективті себептерге байланысты сәл төмендеді. Соңғы жылды 879 млн долларлық тауар айналымымен аяқтадық. Біз негізінен жартылай фабрикаттар – мырыш пен қорғасынды көп көлемде экспорттаймыз. Ал Вьетнамнан тұрмыстық техника мен өңделген тауарларды аламыз. Айта кету керек, бұл сала Вьетнамда жақсы дамыған, – деді ол.