×

Елімізде қанша II дүниежүзілік соғыс ардагері бар екені белгілі болды

Елімізде II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері 39 588 адам

Елімізде қанша II дүниежүзілік соғыс ардагері бар екені белгілі болды
Сурет: El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Елімізде көзі тірі қанша II дүниежүзілік соғыс ардагері бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде:

  • II дүниежүзілік соғыс ардагері - 111;
  • жеңілдіктер бойынша II дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагер - 16 796;
  •  басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері - 26 553;
  • II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері - 39 588.

2024 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. 2025 жылы осы мақсатта 17 млрд теңге қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылық жол мамандары сенбілік өткізді
Кеше, 16:26

Алматылық жол мамандары сенбілік өткізді

Сенбілік барысында бірнеше түп қарағай ағашы отырғызылды
Оған 300 млн доллар жұмсалады
ҚМДБ діни күндер күнтізбесін бекітті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →