×

18-ге толған әр азамат: Тұрғын үй кезегіне қандай өзгерістер енгізілгені анықталды

Отбасы банкке арнайы статус берілген

18-ге толған әр азамат: Тұрғын үй кезегіне қандай өзгерістер енгізілгені анықталды
Сурет: Kursiv.media

24 мамырдан бастап «Отбасы банкіне» Ұлттық даму институты статусы беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qazaqstan TV- ға сілтеме жасап.

Бұл туралы «Ашық алаң» бағдарламасында «Отбасы банк» орталық филиалы Бизнесті дамыту басқармасының басшысы Меруерт Әділбаева айтты. 

«Қазақстан аумағында соңғы 5 жылда атында баспанасы болмаған немесе тұрып жатқан баспанасы апатты деп танылған 18 жасқа толған әрбір қазақстандық «Тұрғын үймен қамту» ақпараттық платформасы арқылы өтініш бере алады. Алдағы уақытта кезекке тұратын азаматтар құжаттарын қағаз күйінде өткізіп әуре болмайды, платформа цифрлық құжаттарды өзі ұсынады. Сондай-ақ бұрыннан кезекте тұрған азаматтарға әртүрлі жеңілдік қарастырылуы мүмкін», — дейді сарапшы.

Сондай-ақ Меруерт Әділбаева «Тұрғын үймен қамту» ақпараттық платформасының қызметіне тоқталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады
Елімізде II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері 39 588 адам

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →