×

2,9 млн теңге айыппұл: Қазақстанда су ресурстарын пайдаланудың "қара нарығымен" күрес

 Су инспекторларының саны 210 адамға дейін артқан

2,9 млн теңге айыппұл: Қазақстанда су ресурстарын пайдаланудың "қара нарығымен" күрес
Сурет: shutterstock.com

Қазақстанда су ресурстарын заңсыз пайдаланғаны үшін 3 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Елдегі су ресурстарының "қара нарығымен" күресу үшін арнайы комитет құрылды. Су заңнамасының сақталуын бақылап жүрген су инспекторларының саны 210 адамға дейін артты.Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері су ресурстарын заңсыз пайдалану бойынша 35 әкімшілік айыппұл салынып, жалпы сомасы 6,4 миллион теңгені құраған. Оның ішінде 1,4 млн теңге көлеміндегі 12 айыппұл жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде, ал 5 млн теңгеге бағаланған 23 айыппұл құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен материалдар негізінде салынған. 2025 жылдың басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан 2,9 млн теңге өндірілді”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Министрліктің бассейндік инспекциялары 13 тексеру жүргізіп, 8 заңбұзушылық анықтаған және 7 нұсқама берген. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы 44,5 млн теңгеге 556 айыппұл салынып, 439 тексеру жүргізілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Несиені жақсы табыс табатындар алады»: Жұманғарин қазақстандықтардың қарыздық жүктемесі туралы пікір білдірді
Бүгін, 18:52

«Несиені жақсы табыс табатындар алады»: Жұманғарин қазақстандықтардың қарыздық жүктемесі туралы пікір білдірді

Бұған дейін қазақстандықтардың қарыздық жүктемесі мәселесін Ұлттық банк төрағасы да көтерген болатын
 Мобильді аударымдардың сомасына қатысты талап екі айдан кейін енгізіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →