×

30 млн бөлінген: Жетісу облысында пандус салмаған мекемелер 390 мың айыппұл арқалады

Жетісу облысы Қаратал ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 19 әлеуметтік-мәдени нысан қолжетімсіз

30 млн бөлінген: Жетісу облысында пандус салмаған мекемелер 390 мың айыппұл арқалады
Сурет: perfoprof.ru

Жетісу облысында ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың мүдделерін қорғау барысында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді.

 “Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы 19 әлеуметтік-мәдени нысанды визуалды қарау барысында оларға қосымша қолдауды қажет ететін адамдардың қолжетімділігінің жоқтығын анықтады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша пандустарды жөндеу мен салуға, тактильді жолақтарды орнатуға, көмекке шақыру түймелерін орнатуға бюджеттен 30 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Аталған заң бұзушылықтар үшін нысанның төрт баланс ұстаушыларына ӘҚБтК-нің 83-бабы 1-бөлігі (мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу) бойынша 390 000 теңгеден астам айыппұл салынды.

 Ескерер жайт, ауданның 78 тұрғыныны нысандарға арнайы бейімделген инфрақұрылым арқылы қол жеткізуді қажет етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мобильді аударымдар үш талап сақталмаса ғана бақылауға алынады
Бүгін, 14:36

Мобильді аударымдар үш талап сақталмаса ғана бақылауға алынады

 Мобильді аударымдардың сомасына қатысты талап екі айдан кейін енгізіледі
Тексеру барысында оң өзгерістермен қатар, шешуін күткен түйткілді мәселелер де анықталған
Зағамбар, Алғабас және Тағайна – ішімдіксіз өмір салтын таңдаған ауылдар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →