×

Елімізде 11 қосымша теміржол бағыты іске қосылады

Олар маусым мен қыркүйек айлары аралығында қатынайды. 

Елімізде 11 қосымша теміржол бағыты іске қосылады
rail-news.kz

ҚТЖ демалыс маусымында 11 қосымша теміржол бағыты іске қосылатынын алға тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа пойыздар кестеге енгізіліп, бірқатар бағытта қатынау жиілігі артады. ҚТЖ мәліметінше, бұл өзгеріс демалыс маусымындағы сұранысқа сай қабылданған.

Қосымша бағыттар 270 000 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. 2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында 3 тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады, - делінген мәліметте.

Жаңа қосымша бағыттар:

№253/254 «Астана — Достық» (Тальго) пойызы аптасына 2 рет;

№207/208 «Алматы — Жаланашкөл»  (Тальго) пойызы белгіленген күндерде;

№211/212 «Алматы — Достық»  (Тальго) пойызы күнара;

№221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет;

№457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара;

№459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара;

«Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара;

«Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара;

«Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара;

№201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын;

№203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды
Кеше, 13:30

Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды

Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағын беруі бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды
Психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіруге айрықша көңіл бөлінді
Ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды  
Сарапшы көбінесе тұрғындардың алаңдаушылығын тудыратын секторлық антенналардың жұмыс істеу принципіне жеке тоқталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →