×

Америкалықтар 20 жыл бұрын асырап алған бес қазақ қызы елге оралды

Америкалықтар 20 жыл бұрын асырап алған бес қазақ қызы елге оралды
Видеодан скрин

Қазақстандық қыздарды асырап алған америкалық отбасының мүшелері Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Хабар» арнасының мәліметінше, америкалық Шэрон Коллинс бес қазақ қызын бауырына басып, олардан 15 немере сүйіп отыр.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, АҚШ отбасы асырап алған Сүйкімді есімді ару 20 жыл өткен соң әпкесімен кездесті. Ұзақ жылдар бойы күткен сағыныш пен шексіз мейірімді түсіндіруге тіл кедергі болмаған. Себебі Сүйкімді 4 жасында балалар үйіне жіберіліп, 5 жылдан соң америкалық отбасы асырап алған.

Мен қатты толқып тұрмын. Әпкемді көргеніме өте қуаныштымын. Мұндай мүмкіндік бергеніне ризамын. Қазақстанның менің елім екенін біліп өстім. Сан-Диего, Калифорниядағы дүкендерде бауырсақтар мен есімде қалған қазақ тағамдарын көргенде, мен сол туралы толық ақпаратты интернеттен іздейтін едім. Менің еліме, бауырыма деген махаббатымды сөзбен айтып жеткізу қиын, - дейді Сүйкімді Коллинс.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қазақ қызы гимнастикадан 6 рет әлем чемпионатына қатысып, АҚШ туын биікке көтерген. 2005 жылы Зарина, Индира, Эльвира, Сүйкімді және Найляны бауырына басқан Шэрон қазір 17 немере сүйіп отыр. Оның 15-і қазақ қыздарының өмірге әкелген ұрпағы. Осы сапарында Шэрон үш қызын туған еліне алып келді.

Бастапқыда телеарналардан 3 қазақ қызын асырап алатын отбасы іздеп жатқанын айтқан. Себебі бірінші өтініш берген отбасы бір себеппен бас тартыпты. Мен баланың сөзін телеарнадан естігенде жүрегім жібіп, жолдасыммен үлкен шешім қабылдадық. Құжаттарында қиындықтар болған соң, Қазақстанға келгенде әртүрлі отбасының екі қызы мейіріммен бізді құшақтап қарсы алды. Сол сәтте біз 5 балаға ата-ана бола аламыз деп шешім қабылдадық. Өкінген емеспіз. Осы балаларымды көлік жүргізіп, адал еңбекпен асырап, мейірім төгіп өсірдік. 40-тан асқанда әже атандым, - дейді Шэрон Коллинс.

4 жыл бұрын Калифорниядағы 25 қазақ баласын АҚШ-қа оқуға барған журналист Гүлмира Дайрабай іздеп тапты. Ол балалардың тұрмысын біліп, туған елі мен жері туралы ақпаратты бөлісіп, дүйім жұртқа таныстырды.

Ол жерде қандай мақсат болды? Ол балалардың өмірі қалай болды екен? Арада 20 жыл өтті. Жақсы ма екен? Мен ойлаймын бұл енді үлкен жеңіс. Кетіп қалған балалардың еліне келіп, 20 жылдан кейін жетімдер үйіне баруына немесе туысқандарымен кездесуінің өзі, яғни мынау түптегі тамырдың белгісі деп ойлаймын. Соған кішкентайда септігім тигеніне қуаныштымын, - дейді Гүлмира Дайрабай. 

Журналист алдағы уақытта шетел асып кеткен біраз балалардың елге оралуына көмектесуге дайын. Бұл бастама тек игі істердің алғашқы қадамы болмақ. Одан бөлек бұған дейін сенат депутаты Дархан Қыдырәлі шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалар туралы кешенді зерттеу жүргізуді ұсынған болатын. 

1999-2011 жылдар арасында шетелдіктер 8805 баланы асырап алған. Кәмелетке толмаған 3588 бала туралы есеп алынып тұрады. Өкінішке қарай есеп бермейтіндер де аз емес. Ең сорақысы 1999 жылға дейін қанша баланың шетелге кеткені жайлы мүлдем мәлімет жоқ, - деген еді сенат депутаты.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар жоқ. Сонымен қатар АҚШ-тағы 104 және Бельгиядағы 113 баланың тағдыры белгісіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қырғыздар 15 жылдан кейін қазақша сөйлеуі мүмкін - қырғыз IT маманы
Бүгін, 17:34

Қырғыздар 15 жылдан кейін қазақша сөйлеуі мүмкін - қырғыз IT маманы

ChatGPT қырғыз тілінен сөз таппай қалса, қазақ тілінен алады 
Жалпы сомасы 52 млн теңгені құрайтын үш конкурстың нәтижелері заңсыз деп танылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →